Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Выберите школу
Қазақша
Қазақша Орысша

Х(ХХХХХ) ХХХХХ

Басты Дарынды балалармен жұмыс Дарынды балалармен жұмыс бойынша 2019-2020  оқу жылының қорытындысы
Дарынды балалармен жұмыс бойынша 2019-2020  оқу жылының қорытындысы

ҚР Павлодар облысы "Ақтоғай ауданының

Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" КММ

Дарынды балалармен жұмыс бойынша 2019-2020  оқу жылының

қорытындысы

 

            Мақсаты:  Жан жақты білімді  іскер өздік ойлау жүйесі дамыған  адамгершілігі жоғары дені сау барынша қабілетті  жанды қалыптастыру. Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

            Дарын – бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Қазіргі уақытта дарынды балалармен жұмыс істейтін бірнеше жұмыс формалары бар: интеллектуалды сайыстар, зияткерлік  пән олимпиадалары, ғылыми – зерттеу жұмыстары, балалардың көркем әдеби шығармашылық конкурстары. Дарынды оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерінің ата-аналармен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс жағдайында өткізіледі. Мектебімізде дарынды балалармен жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіледі.

            Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері:
1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;

  1. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;
  2. Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. 

Дарынды  балалармен жұмыс олардың мектепішілік интеллектуалды байқауларға қатысуымен шектелмейді, оқушылардың аудандық, облысытық және республикалық ойындарға қатысуы дәстүрге айналып келеді, оқушыларды олимпиадаға және түрлі зияткерлі сайыстарға қатыстырғанда үздіксіз білім беру жұмысының тиімділігі көрініп тұрады.

            Әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жобалар сайыстары талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтау, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау, ғылыми тілдің негіздерін игеру, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгеру, логикалық ойлау, кеңістіктік елестету және ғылыми терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту; оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, креативті алгоритмдерді пайдалану, зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту; сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту; әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну, қабылдау; өзінің базалық білімі мен біліктерін пәндерді тереңдетуде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну; білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту; түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту; ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

            Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады, олар: ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыруды көздейді.

            Нәтижесінде жалпы білім беретін пәндері бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде «Этномәдениеттану» сексиясы бойынша 8-сынып оқушысы Ерлан Азамат ІІІ- дәрежелі дипломға ие болып (2019ж.), өздерінің білімін сынға салып, өзіне артқан үмітті ақтады. (жетекшісі Аукебай Ғ.) Білім сапасы 100 пайыз құрады.

«Қазіргі заманғы ғылым, өзгеріске бастар қадам» атты Ү халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына 5 оқышу қатысып 100 пайын білім сапасын көрсеттіХожа М І орын (мұғалімі Ашимова Д.), Қабылбек Д.  І орын (мұғалімі Ашимова Д.) Серикова Ж.  ІІІ орын (мұғалімі Нуркешова Г.), Ертай Б.  ІІ орын (мұғалімі Аукебай Г.) Ерлан А.  ІІІ орын (мұғалімі Аукебай Г.)

Бастауыш сынып оқушылары арасындағы өткен ҮІІ облыстық математикалық турнирында 2,3,4 сынып оқушылары топ жарып, облыста ІІ орынға ие болды. 2 сынып оқушысы- Кенжебек Т. (Жетекшісі Садвакасова К.А.), 3 сынып оқушысы- Мақсатұлы Ғ. (Жетекшісі Кабиева К.Х.), 4 сынып оқушысы- Төлеген Р. (Жетекшісі Шахманова Т.С.) Білім сапасы 100 пайыз құрады.

ХХ Сатпаев оқулары Жас ғалымдар, магистранттар, стеденттер мен мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми конференциясының қатысушылары және жүлдегерлері: І орын- Қабылбек Диана (жетекші: Хасенова М.М.), ІІ орын- Қуаныш Данара мен Мұрат Мейрамғали (жетекші: Шукулукова С.Б.). Білім сапасы 100 пайызды құрады.

            Аудандық пәндер олимпиадасына 14  оқушы қатысты, оның 11-і жетістікке жетіп, 79% білім сапасын көрсетті. Облыстық пәндер олимпиадасына өткен бес оқушымыз  Билялова Дана (география), Бораш Арай (математика), Кусаинова Камила (физика), Маней Мөлдіржан (биология) және Қабылбек Диана (Ағылшын тілі) жүлделі орындарға ие бола алмады.

 

Оқу жылы

1 орын

2 орын

3 орын

Қатысқан саны     

%

2016-2017о.ж.

5

6

7

23

78

2017-2018о.ж.

4

6

7

24

70

2018-2019о.ж.

3

3

11

19

89

2019-2020о.ж.

5

3

3

14

79

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық IQanat олимпиадасына мектептен 14 оқушы математика, физика, ағылшын тілі пәндерінен және эссе жазу бойынша қатысты. 14 оқушының 4-і Ергалиев Арман (ағылшын тілі),  Жалксылыков Алишер (эссе), Болат Серік (математика) және Кусаинова Камила (физика)  2 турға өтті. Өкінішке орай 2 турға қатысқан оқушылар, 3-турға жолдама ала алмады.

Облыстық жасөспірімдер олимпиадасына  география пәнінен Мурат Мейрамғали қатысып, Құрмет грамотасымен марапатталды. (жетекшісі: Аукебай Ғ.),

Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды, дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі өте сезімтал, ықлас қойған нәрсесін, тақырыбын  үнемі дамыту мақсатында мектебіміздің оқушылары "Ертіс дарыны" облыстық сыртай оқу мектебінің тапсырмаларын үзбей орындап, жыл сайын жоғары нәтиже көрсетіп, сыныптан сыныпқа көшеді.

            Дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту - қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі колға алынып отырған өзекті мәселе. Сондықтан мектебімізде оқушылар жастайынан (орта буын оқушылары) ғылымға бейімделіп, жаратылыстану-математикалық білімдерін шыңдау мақсатында юниорлар олимпиадасына жыл сайын қатысады. Биылғы оқу жылында облыстық президенттік олимпиадаға қатысқан оқушы Бораш Арай (жетекшісі Ногаева М.Х.) өкінішке орай нәтиже көрсеткен жоқ.

            Қастерлі қазақ тілін асқақтату. Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярлау, кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолдану, өзіне тән стильдік ерекшелікерін қалыптастыру, сөз бояуын құбылта алу, ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізу, сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды қолдану әдеби тілдік нормаларды ұтымды қолдану,  жағдаяттардан жол тауып шыға алу мақсатында дебаттар, дөңгелек үстелдер, жобаларды қорғау бойынша  жұмыстар жүргізілді. Әсіресе 2019 жыл Абай Кұнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына орай өткізілген шараларға үзбей ат салысты.

            Нәтижесінде «Ақберен» сайысының қатысушысы Бейсенбі Мәншүк облыста Абай мектебінің атынан шығып, жүлделі ІІІ-орынға иә атанды. (Жетекшісі: Мукажанов А., Маней Б.)

            Аудандық  «Абай оқулары» атты   сайысына 3 оқушы қатысып, 6 сынып оқушысы,   Даянқызы Алтын ІІ орын иеленді (Жетекшісі Ертаева А.Х.)         

            Жекелеген пәндерден балалардың дарындылығын айқындау, оқушының ақыл – ой қабілетін жетілдіру, шығармашылық жеке дарындылғын арттыру, қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білімі  мен  ой өрісін әрі қарай дамыту, білім сапасын арттыру, қабілетті балалардың келешегіне бағдар беру мақсатында ұстаздарымыз әр түрлі деңгейдегі (аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық) пәндер олимпиадаларына оқушыларды дайындап қатыстырады. Олар: Пони, Кенгуру, Сабақ.кз, дарын.онлайн, КИО, НИО және тағы басқа қашықтықтан ұйымдастырылған пәндік олимпиадалар.

 

            Шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеу адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы жайлы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады. Оқушылардың елестету мен бақылау қабілетің, кеңістікте тану және көзбен көріп қабылдау қабілетін қамтамасыз ететін, әр түрлі шығармашылық әрекет барысында, көркемдік-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыру, түрлі материалдармен жұмыс істеу арқылы технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамыту, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістік - образдық ойлаудын, көркемдік - технологиялық білімнің негізін қалыптастыру мақсатында өткізілетін шығармашылық сайыстар мен конкурстарда балаларымыз өз өнерлерін көрсетуде. Сагитов Еламан «Жеке тұлғаның және қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту» VI   Халықарылық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, ІІІ орын (мұғалімі Хасенова М.)

Сонымен қатар, мектеп оқушыларынан қалмай өз үлестерін Айбөбек шағын орталығы мен мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілері де үлестерін қосты. Абайдың 175-жылдық мерейтойына арналған «Зере әженің жолымен» атты Республикалық өнер байқауында жүлделі І орынға ие болды.

            Қашықтықтан ұйымдастырылатын түрлі Пони, Это забыть нельзя, Бала дарын сияқты байқауларының қатысушылары және жүлдегерлері бар. 2020 жыл Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына арналған сан алуан челлендждер, өнер және интеллектуалды байқаулар мен сайыстардың қатысушылары баршылық.

           

         Дарынды оқушылармен жұмыс барысындағы мәселелердің ерекшеліктері:

  1. Дарынды оқушыларға қосымша тереңдетілген бағдарламалардың аздығы, жүргізіліп жүрген факультативтік сабақтарда өздігімен жұмыс жасауына, шығармашылық ізденістеріне қажетті материалдардың тапшылығы, яғни дарынды балалардың білімін тереңдетуге жеткілікті жұмыс атқарылуы қажет.
  2. Оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына көмек көрсету керек (5-9мсыныптарда бағдарлы оқыту).
  3. Дарындылықты дамыту үдерісін диагностикалау жұмысының жүргізілмеуі (мектеп психологы). Сонымен қатар, дарынды балалармен дұрыс жұмыс атқару үшін, кадрларды дайындау қажет. Дарындылықты анықтауда әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді және оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын пайдалану қажет.
  4. Дарындылықты айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау, мек­теп, отбасы, мүғалімнің рөлін анықтау үшін бағдарлама қажет. Бағдарламаның мақсаты - баланың жеке бас ерекшеліктерінің дамуына жол ашу, қабілетіне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру, оның дамуына ерекше жағдай туғызу. Сонымен қатар, ерекше қабілеті бар оқушылармен жұмыс атқаратын мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық және материалды-техникалық жағдайын жақсарту.
  5. Тұлғаны қалыптастыру үшін психологиялық таным үрдісіндегі төрт бөлікті үнемі бірдей іске асыру қажет. Олар: сана-сезім, сенім, мінез-құлық, дағды. Олардың негізін құрастыратын – сана. Ата-аналар жоғарыда айтылған дарынды балалар туралы ақпаратты және кеңестер мен оларға сипатталған міндеттерді орындаулары шарт.

Дарынды балалармен жұмыс жасауға арналған ұсыныс:

 

  • Сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу
  • Оқушы дарындылығының моделін айқындау;
  • Қазіргі заманға сай, оқытудың жаңа технологияларын кеңінен қолдану;
  • Дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштеріне де көңіл бөлу;
  • Дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі
  • Балалардың пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты анықтау.
  • Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет.
  • Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына көңіл бөлу.
  • Берілген тапсырманы бірлесе талдау.
  • Бала қызығушылығына қолдау көрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор.
  • Дарынды балалармен дұрыс жұмыс атқару үшін, кадрлерді дайындау қажет.
  • Дарындылықты дамыту үдерісін диагностикалау жұмысын жаппай жүргізу
  • Ерекше қабілеті бар оқушылармен жұмыс атқаратын мұғалімдердің психологиялық және материалды-техникалық жағдайын жақсарту.
  • Дарындылықты айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау, мек­теп, отбасы, мүғалімнің рөлін анықтау үшін бағдарлама қажет.

 

Қорытындылай келе, оқушылар мен мұғалімдер көп еңбек атқарып, мектеп қорына зор үлестерін қосты. Әр атқарылған жұмыстан кейін талдау жасала отыра, ерекшеліктері айқындалып жоспар мен мақсаттар қойылды. Қазіргі таңда, әлемге тек бәсекеге қабілетті, саналы ұрпақ, жарқын болашақ қажет. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармауымыз керек.

      

                                                      

                                               Дарынды балалармен жұмысы жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі:                                    А.А.Бакибаев

Сондай-ақ оқыңыз

Выберите школу
x